Джерард Батлер тағы да «Падение Ангела» фильмінде ойнайды
Джерард Батлер «Рок-н-ролльщик» және «300 спартанцев» фильмдеріндегі басты рөлдері арқылы белгілі, ол енді тағы да Майк Бэннингті - 2013 жылғы «Падение Олимпа» боевигіндегі президенттің күзетшісін ойнайды.
Жаңа кинолента «Падение Ангела» деп аталады. Жаулардың ендігі көздегені Майктың өзі. Бірнеше жылдың ішінде оның қастары тіпті күшейіп алған, енді оны өлтірмей тынбақ емес. Сондай-ақ баспасөз өкілдеріне белгілі, фильмнің атауы президент ұшағын белгілейтін кодтықө сөзбен сәйкес келеді, бұдан мынандай қорытынды түюге болады, үшінші бөлімде Аарон Экхарт пайда болады, ол алдыңғы екі бөлімде АҚШ президенті Бенджамин Ашердің рөлін ойнаған болатын.
Жаңа картинаның сценарийін жазған авторлар - Крейтон Ротенбергер және Кэтрин Бенедикт.
Түсірілім 2017 жылдың басына жоспарланған, алайда режиссер әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. 






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін