È

Джиллиан Андерсон Нью-Йорктегі сән апталығында жалаңаштанды

Джиллиан Андерсон Нью-Йорктегі сән апталығында жалаңаштанды

Джиллиан Андерсон («Құпия мәліметтер» хикаясы, «Апат») «Жалаңаш жүрсе да, тон кимейтін» атақтылардың қатарына қосылды. Сондай-ақ, PETA («People for the Ethical Treatment of Animals» немесе «Жануарларға этикалық тұрғыдан қарайтын адамдар») ұйымының жыл сайын өтетін акциясына қатысып, актриса оны іс жүзінде дәлелдеді. PETA-ның қызметі жануарларға қатігездік танытуға жол бермеуге, соның ішінде сән өндірісіне бағытталған.

Жарнама науқаны кезінде Андерсон өзінде тек мысықтың екі құлағын, шашын және жарқыраған күлкісін ғана қалдырған. 20 метрден асатын PETA-ның үлкен тақтасы Нью-Йорктегі ақпандағы сән апталығын безендіретін болады. «Мен өзімнің жалаңаш денемнің көмегімен маңызды мәлімдеме жасай аламын деп шештім. Адамдар тоннан бас тартуға шақыратын тақтайшаларға алыстан қарап кете беруге дағдыланған. Бірақ РЕТА-ның «жалаңаш» науқаны олардың назарын аудартады. Мен өзіме көрсетілген мұндай құрметпен мақтана аламын», - деді Джиллиан Андерсон РЕТА-ның жануарларды қорғау тәсіліне қатысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист