È

Джим Керри күйзелісі жайында: «Мен кейде өзімді бақытты сезінемін»

Джим Керри күйзелісі жайында: «Мен кейде өзімді бақытты сезінемін»

Джим Керридің қатысуындағы фильмді көрген адам оның тамаша әзілкеш екенін жақсы біледі. Оның сұхбатын оқығандар актердің үнемі күліп жүрмейтінінен де хабардар. Актер күйзелісі туралы бұрында айтқан болатын, мысалы 2004 жылы CBS News-ке «өмірімде аздаған өкініш бар» деген еді. Қазір Кэрри барлығының артта қалғанын, кейде өзін бақытты сезінетінін растады.

Бұл жаңалық Netflix-тің «Джим және Энди: Өзгеше әлем» атты жаңа деректі фильмінің арқасында пайда болды. Картинада Керри мен «Айдағы адам» таспасындағы жұмысы жайында толығырақ баяндалады. «Қазіргі таңда күйзеліс жоқ. Күйзеліс тәжірибесі де жоқ»,-дейді ол фильмде. «Мен ұзақ жылдар бойы күйзелісті бастан өткердім, бірақ жауынның аяқталып, артынан күн шығатынын білдім. Мен батып кететіндей, ол ұзаққа созылмады».

Бұл – актер дарынын мойындайтын жанкүйерлер үшін керемет жаңалық, себебі жақында ғана Керри шынайылық туралы басқаша айтқан еді, яғни «барлығы маңызсыз, ештеңенің мәні жоқ» деген болатын.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 қараша 2017, 13:01

Красавчик

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер