Disney студиясының "Звездные войны" соңғы фильмі арқылы жұртқа танымал британдық актер Джон Бойега «Тихоокеанский рубеж 2» фильміне шақыру алды. Бойега бірінші бөдімнен таныс Идрис Эльбаның ұлының рөлін ойнайды. Екінші бөлімнің продюсері, бірінші бөілмнің режиссеры Гильермо дель Торо Бойеганың өз топтарына қосылғанына қуанышын білдірді. Сондай-ақ жобаның санқырлы, көп мәдениетті болғанын продюсер мақтанышпен атап өтті. Жаңа бөлімнің режиссеры Стивен С. ДеНайт,түсірілім жылдың соңына қарай басталады. Ал дайын болған фильм көрермен назарына 2 жылдан кейін ұсынылады.