Джордж Клуни АҚШ президенттігіне үміткер болғысы келеді
Киноөндіріс өкілдерінің арасында президенттікке үміткерлердің қатары көбейіп келеді. Жақында Джордж Клуни АҚШ-тың жаңа президенті болғысы келетінін білдіріп еді, Мэтт Дэймон өз кезегінде оны қолдауға уәде берді.
Актер бұл ойын «Субурбикон» фильмінің Венециядағы баспасөз конференциясында білдірген еді. Клуни аталмыш ойды жүзеге асыру қызықты болатынын жеткізді. Ал Мэтт Дэймон елге кез-келген жаңа президенттің қажет екенін айтып қалды.
Еске сала кетсек, Джордж Клуни биылғы жылы «Субурбикон» кекесінді қылмыстық драмасын түсірген, ол жақта Мэтт Дэймон басты рөлді сомдаған. Сюжеті 1950 жылдары керемет қалашықта көрші болып тұрған екі отбасы жайлы баяндайды.
Джордж Клуни қазіргі таңда фильмнің өте өзекті болатынын айтты, себебі АҚШ-та зұлымдық фильмдегідей басым болып келеді.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
18 қыркүйек 2017, 12:51Я 50/50