«Субурбикон»: №2 трейлер
Фильм сценарийін ағайынды Коэндер жазған, ал картинадағы басты рөлдерді Мэтт Дэймон, Джулианна Мур мен Оскар Айзек сомдады.
Сюжет сәулелі «Субурбикон» туралы – Американың қақ ортасында тұратын, үнемі күліп жүретін адамдар қауымдастығы жайлы баяндайды. Бұл жақтағы үйлер өте әдемі әрі ыңғайлы орналасқан. Аталмыш орын – 1959 жылғы үлгідегі американдықтардың арманы. Бірақ, осындай үлгілі отбасылардың бірінде тонау орын алып, қауіптің нәтижесінде әйелі мен ана қайтыс болады. Әкесі қайғылы жағдайға көндігіп, жаңа ережелерді орнатуға тырысады. Ал ұлы шындыққа көз жеткізгісі келеді. Алайда, болған оқиғаның шындығын анықтау оңайға соқпайды, ол үнемі әкесімен келіспей қалып жатады. Ник үшін ештеңе мүмкін еместей көріне бастайды, бірақ қара нәсілді отбасы көрші болып көшіп келгенде бір үміт пайда болады.
Сонымен қатар, фильмге Меган Фергюсон, Гленн Флешлер, Мара Фэйрклаф, Майкл Коэн, Джек Конли және т.б. түсті.
Кинотаспаның әлемдік тұсаукесері 23 қарашада болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін