Джош Бролин «Дэдпул 2» фильмінде Кейблді ойнайды
Дэдпулдің серіктесі рөліне арналған кастинг Кайл Чандлер, Майкл Шеннон мен Дэвид Харбор арасында өткен.
Алайда, Кейбл рөлі аяқ астынан әйгілі Marvel түсіріліміне қатысқан Джош Бролинге берілді. Негізінен, актер «Мстители» фильмінде Танос зұлымның рөлін сомдаған. Актер Танос рөлін арнайы киім киіп ойнаған болатын, дегенмен оның түрі анық көрініп тұрды.

Ендігі кезекте, Джош Бролин телепатия мен телекинез қасиеттеріне ие көшбасшы, бірақ бағынып үйренген Дэдпул серіктесін жаңғыртпақ.
Американдық актер Джош Бролин «Харви Милк» драмасына қатысқаны үшін «Оскар» жүлдесіне үміткер болған. Сондай-ақ, Бролинді «Люди в черном 3» фильмінде, «Старикам тут не место» триллерінде және ағайынды Коэндердің «Да здравствует Цезарь!» соңғы фильмінен көруге болады.
«Дэдпул 2» картинасының түсірілімі жаз мезгілінде Канадада басталады. Режиссері – Дэвид Литч, ол биыл Шарлиз Теронның қатысуымен «Взрывная блондинка» фильмін жарыққа шығарады.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
27 апреля 2017, 21:02о нет ему это будет может не к лицу. но комедии будет 50/50