Энн Хэтэуэй қару-жарақ сататындар жайлы романның экранды бейімдеуінде басты рөлді сомдайтын болды

Netflix стримингті қызметі көпшілікке былтырғы «Мадбаунд» фермасы» фильмі арқылы танылған режиссер Ди Риистің танымал жазушы әрі сценарийлер авторы Джоан Дидионның («Жұлдыз дүниеге келді», «Жүрекке жақын») «Соңғы өтініш» романының экранды бейімдеуімен айналысатынын хабарлады. Энн Хэтэуэй («Менің қызым – құбыжық», «Айна сыртындағы Алиса») аттас таспада басты рөлді сомдайды.
«Соңғы өтініштің» негізгі түсірілімі осы жазда өтеді деп күтілуде. Бір қызығы, белгілі бір өмірбаяндық жұмыстарымен танылған Дидион үшін бұл роман толықтай ойдан шығарылған хикая болады. Сюжеттегі оқиға жолы болмайтын журналист Елена МакМэхон (Энн Хэтэуэй) айналасында өрбиді, ол бүкіл әлем бойынша қару-жарақ сатқан әкесінің мұрасына ие болып қалады. Жақында оған қауіп төнеді, өйткені заңды түрдегі әйгілі қару-жарақ саудасы Латын Америкасынан есірткі жеткізудің панасы болған екен.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін