È

Сет Роген Netflix-пен өмірлік келісімге қол қойды

Сет Роген Netflix-пен өмірлік келісімге қол қойды

Танымал режиссер, актер және сценарист Сет Роген («Ойын аяқталды, балақай!», «Туындыгер қайғы») Netflix-пен өмірлік келісімге қол қойды. Үнемі ессіз идеяларды шығарушы Роген 2000-шы жылдардың басында продюсер және режиссер Джадд Алатоудың «Бұзақылар және оқымыстылар» хикаясының түсірілімімен танылған болатын. Сеттің өзі есінде ешнәрсе жоқ екендігіне сендіруде. Оның көптеген киножүлделерінің қатарында «Көршілер. Соғыс жолында» фильміндегі ессіз эпизоды үшін алған MTV жүлдесі де бар.

«Мен Сетті көп жылдан бері білемін», - деп хабарлады Netflix-тің жоғары лауазымды басшысы Джарет Чамли. Сондай-ақ, бұл келісімнің 2017 жылдың соңындағы жабық кеште талқыланғанын атап өтті. Көп әзілдесіп, көңіл көтерген Роген өзінің жанын сатуға дайын екенін хабарлағанын растады. «Ақыры соңында біз екі жаққа да тиімді болған бағаға тоқталдық. Бірақ, ол сіздер ойлағандай жоғары емес десем, өтірік болар еді», - деді Чамли.

Роген оған да дәл солай жауап қайтарды. Одан келісім жайлы сұрағанда: «Мен расымен де, қол қоярдың алдында ештеңені оқымаймын», - деп хабарлады актер. Netflix 6-сәуірде актердің «Жақсы іс үшін көңіл көтеру» импровизациялық комедиясын шығарады. Сет Рогеннің дарыны жайлы Netflix-тің атқарушы директоры Карен Шартвелл тамаша жігермен былай деді: «Ол үшін бұл ғаламда мүмкін емес нәрсе жоқ».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер