Энн Райс - атақты америкалық жазушы, ол «Вампирские хроники» романдарының циклін жазған. Жақында ол журналистерге берген сұқбатында оның шығармаларының авуторлық құқығы өзіне берілгенін айта келіп, енді алда оның шығармаларын жетістіктер күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда Энн болашақ сериалға өз шығармалары бойынша жақсы сценарий жазуға әзір. Алғашқы сюжетпен жұмысты жазушы өзінің ұлы Кристофер Райспен бірлесіп жасамақ.
Райстың вампирлер туралы барлық романдарын экрандау құқығын 2014 жылы Universal кинокомпаниясы иеленген болатын.