Энтони Хопкинс Майкл Бэйді Скорсезе мен Спилбергпен бір қатарға қойды
Энтони Хопкинс мырза «Трансформеры: Последний рыцарь» фильмінің түсірілімі туралы Yahoo Movies-пен өткен CinemaCon конвентінде бөлісті. Танымал актер өзінің алғашқы түсірілім күнінде таңғы ас кезінде Майкл Бэй мырзадан не естігенін, яғни, «Трансформеры» фильмі режиссерінің роботтармен жұмысы жайында айтып берді. Ол барлығын: дизайнды қалай жасағанын, оларды қалай жақсартқаны туралы және арнайы эффектілермен жұмысын да баяндап берді. Сол кезде Энтони Хопкинс Майкл Бэйді өте ақылды әрі дарынды азамат ретінде танып, оны Оливер Стоун, Стивен Спилберг және Мартин Скорсезе мырзалармен бір қатарға қойды.
Энтони Хопкинс «Трансформеры» фильмінің алдыңғы 4 бөлімінің барлығын да көрген. Актер үшін блокбастерде ойнауы бірінші рет емес. Ол Тор туралы фильмде Один құдайының рөлін сомдады және Оливер Стоунның «Александр» картинасында, «РЭД 2» атыс-шабыс фильмінде ойнаған.
Хопкинс Майклом Бэймен жұмыс істеудің ерекшелігін де атап өтті, яғни, барлық жұмысты тез арада орындауың керек дейді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін