È

Ернар Нұрғалиев пен Әсел Қалиева отбасын құрды

Ернар Нұрғалиев пен Әсел Қалиева отбасын құрды

Өткен демалыс күнлдері 567 creative laboratory режиссері Ернар Нұрғалиев пен актриса Әсел Қалиева үйлену тойын өткізді.

Жас жұбайлар үйлену тойларын жақын туыстары мен достарының ортасында еуропалық стильде өткізуді шешіпті.Неке қию салтанаты «Алтын Қаргалы» демалыс орнында ашық аспан атында өтті. Неке қию алаңы жастардың өз қалауымен аппақ шатырлармен көмкерілді.

Күйеужігіт пен қалыңдықтың айтуынша, олар осыдан бір жыл бұрын «Махаббатым жүрегімде» сериалының түсірілімі кезінде танысқан. Сол кезде бір-біріне ғашық болып, мәңгілік бірге болғысы келетінлерін түсінген.

«Мен танысқанымызға жарты жыл болғанда Әселге ұсыныс жасадым, біз ол кезде Вьетнамда болған едік. Ол «Иә» деп жауап берді, - дейді Ернар Нұрғалиев.

Жас жұбайлар өздерінің бал айын қайда өткізетіндерін әлі шешпепті. Жақында Ернар өзінің жаңа жобасына кіріспек. Осы жоба аяқталғаннан кейін ғана олар демалыс туралы ойланбақ.

«Бұл біздің ең бақытты күніміз!» - дейді жас жұбайлар өздерінің үйлену тойы болған күндері туралы.

`begin_gallery`

`end_gallery`

 

Әйгерім Қасқыр

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса