«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмінің түсірілу жолдары
«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 25-мамыр күні болады. Фильмнің ҚР аумағындағы ресми өкілі «Меломан» компаниясы болып табылады. Компания көптен күткен картинаның түсірілімі жайындағы мәліметтерді бізге жылы ұсынды.

Австралиялық Хеленсвейл қаласында фильм үшін «кемелер аренасы» құрылған, оған компьютерлік графика арқылы жасалған 11 кеме сиятын еді. Бұл керемет технологияның негізі бір-біріне қойылған жүз шақты жүк контейнерлері болды. Шолу эффектісінің суретшісі Гари Брозенич кейіннен контейнерлердегі үрлемелі көк матаны аспанның, теңіздің және кемелердің бейнесіне ауыстырады.

Кейіпкер Хавьер Бардемнің – жексұрын капитан Салазардың образын жасау үшін гримерлар 2-3 сағат уақытын кетірген. Ал Голшифта Фарахани сомдаған теңіз жалмауызы Шансты әрдайым 4-5 сағатқа жуық жасап отырған.

Теңіз жалмауызының киімін жасауға бір апта кеткен. Оған күніне 15 сағаттан 42 адам жұмыс істеп отырған.

Картина үшін стилистер тобы Питер Сордс Кингтің басшылығымен 1000 жасанды шаш жасады. Олар кейбір күндері екінші қатардағы 700 актерлерді және 30 шақты басты кейіпкерлерді тарап жүрді. Мұндай көлемді жұмысты бар-жоғы негізгі топтың 22 адамы жасап, қосымша көпшілік көріністің актерларымен және каскадерлармен жұмыс істеген 70 адам атсалысқан. Топ пен оның көмекшілері өздерін қалжыңдап «тараушылар цехы» деп атаған.

Фильм бойы капитан Джек Воробей ром бөтелкесін қолынан тастаған жоқ. Ол бөтелке 18-ғасырдағы нағыз англиялық антиквариат болып саналады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін