È

Оңтүстік Кореяның «Құдайлармен бірге: Қос әлем» фэнтезиі WellGo USA компаниясының назарына ілікті

Оңтүстік Кореяның «Құдайлармен бірге: Қос әлем» фэнтезиі WellGo USA компаниясының назарына ілікті

WellGo USA компаниясы Оңтүстік Кореяның «Құдайлармен бірге: Қос әлем» фантастикалық драмасына құқықты сатып алды.

Фильм – корей киноөндірісінің тарихындағы ең қымбат туынды. Оның Пусан фестиваліндегі көрсетілімі сол уақытта өтіп жатқан кинонарық үшін маңызды болды. Бұл таспамен солтүстік американдық прокатшылар қызықты, олар картинаның керемет табысқа ие болатынын болжап отыр.

«Құдайлармен бірге: Қос әлем» фильмін сценарист әрі режиссер Ким Ён-хва («Гоу мырза», «Сұлулықтың 200 фунты») танымал аттас веб-мультфильм негізінде түсірді. Таспа негізіне табыттың ар жағындағы өмірге аттану алдында үш қамқоршы-тәлімгерлерді көмекшіге алған өрт сөндіруші хикаясы арқау болған. Ол қайта түрленудің алдында жеті сынақтан өтуі тиіс.

«Пусандағы көрсетілімнен кейін фильм бюджетінің тектен-тек жұмсалмағанын түсіндім. Сонымен қатар, өндіріс көлемі де, барлық әсерлі элементтердің ерекше жиынтығы да белгілі болды. Осының барлығы корей фильмдерінің жанкүйері болуыма септігін тигізді. «Құдайлармен бірге: Қос әлем» фильмінде баяндау мәнерінен өндіріс сапасына дейін және керемет қойылған компьютерлік графиканың барлығы тамаша шыққан», - деді WellGo-ның бас директоры Дорис Пфардрешер.

Фэнтезилік блокбастердің жалпы бюджеті - 35.5 миллион доллар. «Құдайлармен бірге: Қос әлем» - екі бөлімнен тұратын көркем фильм. Экранға бірінші бөлімі 20 желтоқсанда шығады, ал жарты жылдық үзілістен соң екінші бөлімі көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер