È

Мариано Льянастың «Гүл» фильмі Буэнос-Айрестегі фестивальде бас жүлдені иеленді

Мариано Льянастың «Гүл» фильмі Буэнос-Айрестегі фестивальде бас жүлдені иеленді

Соңғы кездері Канн фестивалінде ұсынылған «Саммит» және «Паулина» жобаларымен танылған аргентиналық режиссер әрі сценарист Мариано Льянастың «Гүл» фильмі Буэнос-Айрестегі 20-шы халықаралық тәуелсіз кино фестивалінде бас жүлдені иеленді. Рекордтық көрсеткіш, ұзақтығы 14 сағатқа созылатын таспаның төрт актрисасы (Пилар Гамбоа, Валерия Корреа, Элиза Каррикахо және Лаура Паредес) үздік әйел рөлі жүлдесімен марапатталды.

Аргентина тарихындағы ең ұзақ фильм алты эпизодты қамтиды, ондағы басты рөлдерді марапатқа лайық деп танылған актрисалар сомдайды. Олар «Гүлдің» сценарийі бойынша «Лава терісі» атты жеке шығармашылық компаниясын құрады. Аталмыш эпикалық фильмнің түсірілімі үш құрлықта тоғыз жыл бойы жалғасты. Кинотеатрларда Мариано Льянастың фильмін көрсету үшін үш бөлікке бөлуге тура келді. Алты эпизод түрлі жанрларда түсірілген бірнеше оқиғаларды және халықаралық тыңшылық триллерді, B деңгейіндегі қорқынышты фильмді, махаббат жайлы мелодраманы және 1936 жылғы Жан Ренуардың классикалық «Қала сыртына серуен» туындысының ремейкін қамтиды.

Бұл фестивальде үздік режиссура жүлдесін Венеция мен Канн фестивальдерінің байқау бағдарламаларына қатысқан «Неон толқыны» және «Суқұйғыш» жобаларымен танылған бразилиялық продюсер Тьяго Мелоның дебюттік жұмысы «Назаретадағы нарық алаңы» фильмі иеленді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса