È

Санжар Мәдидің қатысуындағы «Бөтен емес» фильмі «Кинотавр» фестивалінде көрсетіледі

Санжар Мәдидің қатысуындағы «Бөтен емес» фильмі «Кинотавр» фестивалінде көрсетіледі

29-шы Ресейлік «Кинотавр» ашық кинофестивалінде Санжар Мәдидің қатысуындағы фильм көрсетіледі. Актер Вера Глаголеваның соңғы режиссерлік жұмысы - «Бөтен емес» картинасына түсті, фильмнің тұсауы арнайы көрсетілім барысында кесіледі. Фестиваль 2018 жылдың 2-10 маусым аралығында Сочиде өтеді.

«Бөтен емес» фильмінде Санжар Мәди басты кейіпкердің бірі Рустамды сомдады. Сюжет бойынша Рустам – Орта Азияның тумасы, ол Ресейдің кішкентай қалашығында жұмыс істейді. Бір күні ол күйеуі қайтыс болған соң, екі баласымен жалғыз қалған Галинамен танысады. Кейіпкерлердің қарым-қатынастары үйленуге дейін барады. Аяқ астынан үйіне оралған Галинаның сіңлісі Мила жағдайды ушықтырады. Рустам мен Миланың арасында сезім пайда болады.

«Бөтен емес» фильмінен көрініс
«Бөтен емес» фильмінен көрініс

Таспа Ольга Погодина-Кузьминаның «Саз шұңқыр» пьесасының экрандауы болып табылады. Картина былтырғы жылы көтемде Ресейдің Туль облысында орналасқан Алексин қаласында түсірілген. Кейбір көріністер Қазақстанда да түсірілді, оған Бибігүл Ақтан қатысқан.

Сонымен қатар, фильмге ресейлік актерлар Татьяна Владимирова, Анна Капалева, Лилия Волкова және Дмитрий Кривочуров түсті.

Еске сала кетсек, режиссер Вера Глаголева 2017 жылдың 16 тамызында қайтыс болды. Дегенмен, түсірілім тобы картина өндірісін тоқтатпай, Вера Витальевнаның жұмысын соңына дейін жеткізді.

«Бөтен емес» әлеуметтік драмасы ауқымды айналымға биылғы күзде шығарылмақ.

«Бродвей» кинопорталы фильм трейлеріне назар аударуды ұсынады.

 

 

Превью: Санжар Мәдидің жеке Instagram парақшасынан

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер