«Су қалыбы»: дубляждалған трейлер
Амфибия-адам мен мылқау еден жуушы арасындағы махаббат туралы картина. Басты рөлдерді Салли Хокинс пен Дага Джонс сомдады. Сондай-ақ, фильмге Майкл Шеннон мен Октавия Спенсер түсті.
1963 жылғы сұрапыл соғыс кезінде біртүрлі екі жаратылыс: су құбыжығы мен мылқау еден жуушы Элиза ғалымдар жұмбақ амфибия-адамға зерттеу жүргізіп жүрген құпиялы зертханада бір-біріне ғашық болып қалады. Құбыжық табиғаттың тылсым күші әрі соңғы өкілі екен. Ғалымдар соғыс кезінде басты кейіпкердің күшін қалай пайдалануға болатынын зерттейді.
Амфибия-адамды зертхананың еден жуушысы байқап қалып, оған сезімі ояна кетеді.
Жобаның сценаристі әрі режиссері - Гильермо Дель Торо.
Фильм тұсаукесері 2018 жылдың 18 қаңтарында болмақ.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін