«Коко құпиясы» мультфильмінен үзінді
Disney/Pixar 23 қараша күні үлкен экранға шығатын «Коко құпиясы» мультфильмінің үзіндісін көрсетіп, көрермендерді қуантты. Ресейдің Disney Youtube ресми арнасында мультфильмнің дубляждалған үзіндісі шықты.
Сюжет гитара музыкасын жақсы көретін кішкентай мексикандық бала туралы баяндайды, ол кенеттен өлілер әлеміне тап болады.
Мультфильм қатысушыларының гитарадағы ойын анимациясын жасау үшін аниматорлар GoPro-ға шынайы музыканттарды түсірген.
Баланың сенімді иті Данте ксолоитцкуинтли тұқымынан шыққан, бұл сөз ацтек құдайы Ксолотль атымен байланысты, ит ацтек тілінде «Ицкуинтли» деп аталады. Көне ацтектердің бейітінде осы иттердің сүйектері табылған, бұл ксоло тұқымының 3500 жыл бұрын пайда болғандығын білдірсе керек.
Басты кейіпкердің бірі өлі әнші Эрнесто де ла Крус аппақ киім киіп алған, себебі ол – суперәнші, көптеген тірі адамдар оны естеріне алып тұрады, ал басқа кейіпкер Чичарронды тірілер есіне алмайды, оның сүйектері ең жіңішке әрі қаусап кеткен.
Фильмнің Қазақстан аумағындағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін