Free State of Jones Мэттью МакКонахимен бірге басты рөлде
«Далласский клуб покупателей» фильмі үшін «Оскар» алған Мэттью МакКонахи бұл жолы өзін Америкадағы азаматтық соғыс кезіндегі партизан ретінде сынап көрмек. Материалдық жағынан аса бай емес, бірақ жан дүниесі рухани бай миссисипилік фермер Ньютон Найт (МакКонахи) Конфедерация дизертирлерінен топ құрады, олар бостандық үшін, Джонс штатының азаттығы үшін күреседі. Картинаның қоюшысы Гэри Росс. Сондай-ақ фильмге Кери Рассел, Джейкоб Лофленд, Гугу Эмбата-Ро және басқалар қатысты.Тұсаукесерлік көрсетілім 24 маусымға жоспарланған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін