Alcon Entertainment студиясы Гарфилд есімді мысық туралы толықметражды мультипликациялық фильм түсіру құқығына ие болды. 2004 жылы сары мысық пен оның жолы болмайтын иесі туралы фильм түсірілген болатын.Ол кезде мысық Билл Мюррей деп аталған. Жоба өте сәтті болды, 50 миллион долларлық бюджетпен прокатта 200 миллион доллар табыс тапты. Сол кезде жартылай ойын түріндегі сиквелі де шықты, бірақ ол аса сәтті болыңқырамады. Қазір құқық иелері тек анимациялық нұсқасын жасамақ. Гарфилд күлкілі кейіпкер ретінде 1978 жылы Джим Дэвистің арқасында пайда болған. Қоюшы-режиссерлері Alcon негізін қалаушылары Эндрю А. Косов және Бродерик Джонсон. Жобаның идеясы Джон Коэнға тиесілі, бұған дейін ол «Гадкий я» және «Angry Birds в кино» атты жобаларды жарыққа шығарған.