È

Гомес Аддамс По Дэмеронның дауысымен сөйлемек

Гомес Аддамс По Дэмеронның дауысымен сөйлемек

«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильміне түскен Оскар Айзек «Аддамс жанұясы» анимациясында Гомес Аддамсты дыбыстау жөнінде MGM-пен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал таспаның қалған актерлік құрамы әзірге құпия.

Конрад Вернон («Тұтастай шұжықтану», «Шрек 2») Памела Петтлер («Қалыңдық мүрдесі», «Құбыжық үй») сценарийі бойынша Чарльз Аддамс туралы әйгілі мультхикая негізінде фильм түсіріп жатыр. MGM жұма күні тұсаукесер күнін жариялады – 2019 жыл, 11 қазан. MGM компаниясы бір жылда 6-8 фильм шығаруды жоспарлап отыр. Келесі жылдың басында Элай Роттың «Өлімқұмар» фильмінің тұсауы кесіледі, басты рөлді Брюс Уиллис сомдайды.

Конрад Вернон «Аддамс жанұясына» режиссер ретінде 12 қазан күні шақырылған. «Аддамс жанұясының» сұмдыққа толы өмірі Чарльз Аддамстың кекесінді комикстерінен басталған, Чарльздің өзі Нью-Йорк тұрғыны ретінде пайда болады.

Аталмыш комикстердің танымал болғандығы соншалық, өткен ғасырдың 60-жылдары телевизия шоуы, ал 70-жылдардың басында мультхикая және 90-жылдардың басында Барри Зонненфельдтің «Аддамс жанұясының құндылықтары» мен «Аддамс жанұясы» атты екі фильмі жарыққа шықты. Соңғысында басты рөлдерді Анжелика Хьюстон, Рауль Хулиа мен Кристина Риччи сомдаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер