«Гончая»: Том Хэнкстің қатысуындағы әскери драманың айналымға шығу уақыты ауыстырылды
Sony Pictures студиясы Том Хэнкс («Құпия құжатнама», «Сала») қатысатын «Гончая» әскери драмасының айналымға шығу уақытын 2019 жылдың 8 ақпанынан 22 наурызға ауыстырды. Бұл таспа тұсаукесерінің екінші рет өзгертілуі, бастапқыда кинотеатрлардан келесі жылдың 5 сәуірінде көрсетілуі тиіс еді. «Гончая» сценарийін Хэнкстің өзі Сесил Скотт Форестердің алғаш рет 1955 жылы жарыққа шыққан «Жақсы бақташы» романы негізінде жазған. Фильм режиссері Аарон Шнайдер («Мені тірідей көміңіздер», «Үздіктер» хикаясы) болмақ.
«Гончаядағы» оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда болған. 37 одақтастар кемесінен тұратын халықаралық қарауылшы жасағы солтүстік Атлантиканың қауіпке толы суын кешіп өтуі тиіс. Қасқырлар тобына ұқсайтын жасақтың артынан нацистік су асты қайықтары жүзіп келеді, олар бір жағдай бола қалғанда одақтастарды су астына жіберуге дайын. Том Хэнкс теңіздің қарт қасқыры атанған кеме капитанының бірі Эрнест Краузе рөлін сомдайды, бірақ ілесіп жүргендермен бірінші рет әскери әрекеттерге қатысып жатыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін