Бибігүл Ақтан және оның «темір тұлпары»
Сұлу, дарынды, енді қазір өте жылдам Бибігүл Ақтан (Сүйіншалина) өзінің мотоциклдарға деген махаббаты жайлы әңгімеледі.
- Мен сегіз жасымнан бері көлік жүргіземін, ал автокөліктің рөлін 4 жасымда ұстадым. Мотоциклдерді бұрыннан ұнататынмын, ал қазір қызығушылығым тіпті артты.
Бірде маусымның жылы кештерінің бірінде «смотрға» келдім (МГУ ғимаратының алдындағы алаң, мұнда Мәскеудің барлық мотоциклистері мен автокөлік жүргізушілері жииналады. Бұл алаң біздің Алматыдағы ескі алаң немесе стадион секілді. Мотрлардың ерекше дыбысы, былғары экипировка және кез келген талғамға сай келетін көп мотоциклдер! Осында көргендерімнің бәрі маған ерекше әсер еткені соншалық, мен осы мәдениеттің бір бөлігіне айналғым келді. Біраз уақыт мотоциклге қарапайым жолаушы ретінде отырсам, енді «темір тұлпарды» өзім тізгіндегім келді. Мен мотоцикл жүргізуді Ресейдің белгілі стант райдері Александр Андреевтен үйрендім. Шілдеде бірінші мотоциклімді сатып алдым да, категория алуға асықтым. Тамызда МАИ-ға естихан тапсырып, «А» категориясын алдым.

Менің досым әрі әріптесім Сергей Годин мені «ВЗРЫВные» мото-командасының белсендісі Александр Шуршаковпен таныстырды, оны бәрі Шуршик деп атайды, ал «ВЗРЫВные» - спортты мотоциклдер жүргізетін жас жігіттер. Мен солармен мотомаусым біткенше бірге жүрдім. осы бір кезеңді менің өмірмдегі ең ерекше, ұмытылмас парақшалар дер едім. Мен керемет әсер алдым. Біз кешкі сағат сегізде кездесіп, таң атқанша қалада мотоциклмен серуендейтінбіз. Команда құрамында жүрсең, тез үйренесің, жаңадан бастаған жүргізуші үшін командамен жұмыс істеу қауіпсіз. Өйткені жүргізу қарқыны мен бұрулы траекториясын өзің таңдамайсың.
Менің момтоциклге отыруыма тағы бір себеп - уақытыңды алатын кептеліс! Мәскеуде кептелісте 6 сағаттай тұра беруге болады, ал мотоциклмен қаланың кез келген жеріне 30 минутта зыр ете түсесің.
Менің мотоциклім - Yamaha Fz 6 S2 - бұл 600-кубтық нейкед. Нейкед - бұл спорт-байк, бірақ қозғалтқышы «тұншықтырылған», орындығы тік, пластикалық ағызғышы жоқ. Бұл қалада жүруге ыңғайлы нұсқа болып саналады. Менің мотоцикілім 98 аттың күшіндей, барынша мықты, салмақты аппарат. Осындай спортты «темір тұлпарға» отырмас бұрын оны жүргізіп үйрену керек болды. Мен өзімнің байкімді жақсы көремін! Мотоциклге отырғанда көліпен бір бүтін болып кеткендей әсерде боласың, өзіңді мүмкіндігі шексіз, жылдам адам ретінде сезінесің.

Мотоцикл - бұл жылдамдық, адреналин. Бұған деген қажеттілік тәуелділікке ұласады, сондықтан жылдамдықты асыру, экстремальды сезінудің өзі ғажап. Егер адам мұнымен «ауырса», тоқтай алмайды.
Мен – жаңа бастаған мотоциклистпін, маған әлі әуесқойлар жарысы немесе стант райд туралы ойлау еретерек.
Қазір мен мотоциклге қатысты салмақты жобамен айналысып жүрмін. Бұл туралы барлық ақпарат әзірге құпия, Әлемдік мотожарысқа қатысы бар екенін ғана айта аламын.
Фото:Кристина Дорожкина,
Анастасия Вандаловская






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін