È

Хаяо Миядзаки жаңа жобасының жәй-жапсарымен бөлісті

Хаяо Миядзаки жаңа жобасының жәй-жапсарымен бөлісті

Былтырғы жылы Хаяо Миядзакидің толықметражды анимациямен қайта айналысатыны белгілі болған еді.

Бірақ, жобаның жәй-жапсары ұзақ уақыт бойы белгісіз болды.

Жақында бар құпия ашылды. Миядзакидің жаңа жұмысы жапон тілінде Kimitachi wa Dou Ikiru ka деп аталады, аударғанда «Қалай өмір сүріп жатырсыз?» деген мағынаны бідіреді. Мұндай атау 1937 жылғы балалар кітабына тиесілі, авторы Гэндзабуро Есино. Бастапқыда Есино табысты жапон журналының редакторы болған, бірақ кейін балалар кітабының цензураға онша тап болмайтынын түсінген.

Хаяо Миядзакидің жаңа анимациялық жобасы басты кейіпкердің өміріне балалар кітабының қалай әсер еткенін баяндайды.
Режиссердің «Жел өршіп келеді» атты алдыңғы фильмі де әдебиетке негізделген, ол арманшыл авиаконструктор туралы баяндаған болатын.

Миядзакидің жаңа фильмі 2021 жылы ғана шығады, себебі оның өндірісіне үш-төрт жылға уақыт кетеді екен.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:33

Ждем

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист