Стивен Спилберг Суық соғыс кезеңі туралы тағы бір жобаны жүзеге асыруға дайындық жүргізуде. Осы жолы ол фильмді сол заманның белгілі қоғамдық журналисті болған Вальтер Кронкайтқа арнамақ. Жобаға Марк Платт және Мэтт Чарман қатысады, олар - Спилбергтің «Шпионский мост» фильмінде серіктес болған. Бұл идея үшеуінің ойына «Шпионский мост» тұсаукесері кезінде келді. Қойылымымен кім айналысатыны әзірге белгісіз, ал сценарийді Мэтт Чарман жазады. Болашақ фильмнің кеіпкері Вальтер Кронкат өткен ғасырдың алпысыншы жылдары CBS кешкі жаңалықтарын жүргізетін тележүргізуші ретінде танымал болды. Оның мәнсабы мен беделі 20 жыл ішінде әжептәуір өсті. Репортер ретінде ол Вьетнамды ашық көрсетті, кейіннен АҚШ-тағы заңсыз әрекеттер туралы ашық айта бастады. Қоғам оғанда қашан да қолдау білдіріп отырды.