È

«Уақыт қалтарысы»: дубляждалған екінші трейлер

«Уақыт қалтарысы»: дубляждалған екінші трейлер

Disney-дің «Уақыт қалтарысы» ойнайтын актерларға қараңыздаршы: Опра Уинфри, Риз Уизерспун, Минди Кейлинг, Майкл Пенья, Зак Галифианакис және Крис Пайн! Осындай жұлдызды құраммен режиссер Ава ДюВерней жұмыс істеп жатыр.

Назарларыңызды тағы екі секундқа бұрсаңыздар. Фильм трейлерін көріңіздерші – бастапқы сәттен-ақ Күлбикенің қамалы калейдоскоп секілді қирап қалуы ғажайып секілді.

«Уақыт қалтарысы» эпикалық шытырман оқиғасы Мадлен Л'Энглдың классикалық романы негізінде түсірілген, туынды көрермендерді уақыт көшіне елітіп әкетеді, түнек табиғатының жарыққа қарсы әрекетін зерттей отырып, махаббат тағына жетелейді.

«Уақыт қалтарысының» шілде айында шыққан алдыңғы трейлері секілді жаңасы да Мэгтің қиын өмірін баяндап, әкесінің қауіпті ғылыми жұмысын көрсетеді. Ол бұл құпия жұмысты ойыншық құмырсқаны және арқанды қолдана отырып, тамаша көркемдейді, әрі жұлдызды саяхатты көрсетеді. Кейін Мэг әкесі дәрігер Мерриді іздеп жүріп, үш көмекшісімен жолығады, олардың рөлдерін Опра Уинфри, Минди Кейлинг және Риз Уизерспун сомдаған. Мэг әкесін зұлымдық қуатының тұтқынға алғанын біледі де, жалғыз өзі ғана оған көмектесе алатынын түсінеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер