È

Кәмшат Жолдыбаева сіңлісімен арадағы қарым-қатынас туралы

Кәмшат Жолдыбаева сіңлісімен арадағы қарым-қатынас туралы

Жақында отандық эстрадада өздерінің ылаңдық бейнебаяндары арқылы танылған J-Run тобы пайда болған еді. Герлз-бэнд солистінің бірі Алтынай Жолдыбаева («Q-елi» хикаясы) әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның («Сиситай») сіңлісі болып келеді. Бүгінде қос әртіс қазақстандықтардың түрлі эмоцияларын тудыруда: олардың шығармаларын жақсы көріп, бағалайды, сонымен қатар ашық киімдері үшін сынап, үнемі салыстырып жүреді.

Сахнаны танымал әпкесімен бөлісудің қандай екенін Алтынай Жолдыбаева Oybay Life бағдарламасында айтып берді.

«Негізі сары басылымдар мені Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі деп атайды. Бірақ, соңғы кездері мені өз есіміммен атай бастағандарын байқап жүрмін. Дегенмен, Жолдыбаевтар отбасында Кәмшат шығармашылыққа бірінші бет бұрды. Сондықтан, мен бәрібір Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі болып қала беремін. Маған әпкемнің өнердегі қызметі, сахнада өз-өзін ұстауы ұнайды. «Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі» дегенге қуанамын, мақтанамын. Оның үстіне, қазір мен тек 60-70% ғана танымал шығармын», - деді Алтынай.

Кәмшат Жолдыбаеваның өзі Gakku FM-дегі «Шынымды айтсам» бағдарламасында образдарын түрлендіріп, костюмдерін таңдауға Алтынайдың көмектесетінін жасырмады.

«Мен табиғатымнан стиль мен сәннен алыстау адаммын. Оны мойындаймын, сондықтан үнемі образ таңдауда Алтынаймен кеңесемін. Ол сәнді жақсы біледі, көптеген дүниелерге заманауи көзқарасы бар. Оның таңдауына ылғи сенім артамын. Біз үнемі ақылдасып, бір-бірімізді қолдап отырамыз», - деді Кәмшат.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса