È

Кәмшат Жолдыбаева Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміне түседі

Кәмшат Жолдыбаева Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміне түседі

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева Ақан Сатаевтың «Томирис» көркем фильміне түседі. Әртіс кастингтен өтіп, эпизодтық болса да, жарқын рөлге ие болды. Бұл туралы Кәмшат Gakku FM-нің «Шынымды айтсам» бағдарламасында айтып берді.

«Мен үшін рөлге ие болу аса маңызды емес еді, тек режиссер мен шығармашылық топқа өз қабілетімді көрсеткім келді. Бірақ, кенеттен іріктеуден кейін хабарласып, маған Томиристің кіндік анасының рөлі берілгенін айтты. Мен Томиристің әкесінің оң қолының жарын сомдаймын», - деп бөлісті жаңалықтарымен актриса.

Жүргізушімен әңгіме барысында Кәмшат Жолдыбаеваның «Әміре» кинотаспасына қатысу керектігі болғаны анықталды. Алайда, оның қатысуындағы эпизод картинаның соңғы нұсқасына енбеген екен. Актрисаның айтуынша, ол Жұмат Шаниннің жары Жанбикені сомдаған.

«Маған түсіндіргендей, мен түскен көрініс қиылған екен, себебі ол фильмнің жалпы стилистикасына сай келмеген. Шынында да, сахналық көрінісім драмаға толы болатын. Мен Жұмат Шаниннің жарын сомдадым. Ол әртістер тобымен бірге пойызбен Парижге кетіп бара жатқанда, емшектегі баласы шетінеп кеткен. Барлығын пойыздан шығарып тастамау үшін оның жол бойы сәбиінің өлімін жасыруға қалай тырысқанын ойнауым керек болды. Дегенмен, маған режиссерлік нұсқада бұл эпизодтың міндетті түрде болатынына уәде берді».

Отандасымыз «Тракторшының махаббаты» хикаясындағы Дженниферді өзінің сүйікті рөлі болғанын жасырмады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер