Кәмшат Жолдыбаева EMA-2018 музыкалық жүлдесіне ие болды
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева VII Еуразиялық EMA-2018 музыкалық жүлдесімен марапатталды. Жүлде жыл сайын Muzzone телеарнасымен өткізіледі және отандық орындаушылардың жетістіктерін атап өтуге бағытталған.
Әртіс әріптестері, KeshYou тобының бұрынғы мүшелері Жанар Дұғалованы және Айдана Меденованы басып озып, «Үздік орындаушы» номинациясында жеңіске жетті. Табыстау салтанаты астанада Astana Expo-2017 Конгресс-Орталығында өтті. Салтанатты шарада танымал орындаушылар мен топтар өнер көрсетті.
Айта кету керек, Кәмшат әншілік дарынымен ғана танымал емес. Отандасымыз көпшілікке «Тракторшының махаббаты» хикаясындағы рөлі арқылы жақсы танылды. Жыл сайын әртістің фильмографиясы жаңа жобалармен толығып келеді. Биылғы жылы Кәмшат «Сиситай» мюзикліне, «Томирис» тарихи жобасына және «Қарлығаш ұя салғанда» хикаясына түсті.
Превью: Кәмшат Жолдыбаеваның Instagram-дағы жеке парақшасынан
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін