Канн фестивалінде Дайонн Уорвик шығарған мифті Variety басылымы әшкерелеп берді. Әнші өзіне бәсекелес Силла Блэкпен күресте әнші ретінде қалыптасуы туралы «Дайонн» атты биаграфиялық фильмді ұсынған болатын. Уорвиктің айтуынша, Блэк өзіне арналған әнді орындайды. Дайонн жариялағанындай, фильмде басты рөлді Летойа Лакетт және Леди Гага ойнауы тиіс болған. Бірақ мұндай өрескел хабарламадан кейін бір сағаттың ішінде Lady GaGa-ның өкілі бұл сыбысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, эпатажды әнші бұл жобаға келісім беретіндей тіпті бұл туралы естімеген де екен. Сонымен Дайонн Уорвик өзіне және өзінің фильміне көпшіліктің назарын аудартты, өйткен бұл жаңалық желіде тез тарады және жоққа шығарылды. Осыдан кейін журналистер Lady GaGa-ның жаңа рөлі туралы жаңалық жай ғана сыбыс екенін түсінді. Уорвиктің өкілдері бұл туралы түсінік беруден бас тартты.