È

Батырхан Шүкеновтың өмірі жайлы фильм түсіріледі

Батырхан Шүкеновтың өмірі жайлы фильм түсіріледі

Алға қойылған жоспарлардың бірі – әншінің дүниеге келгеннен бастап өмірден өткенге дейінгі өмірі мен шығармашылығын қамтитын көркем фильм түсіру. Фильмнің режиссеры да белгілі, ол Батырхан Шүкеновтың тұрақты клипмейкері Дін Махаматдинов.

Жобаға қаржылай қолдау білдіруге ресейлік компаниялардың бірі қызығушылық танытып отырған көрінеді. Ұйымдастырушылар қазақстандық инвесторлар да қалыс қалмайды деп үміттеніп отыр.

Басты рөлді кім ойнайтыны әзірге белгісіз. Аталған қордың директоры Олжас Байқанов жобаға Сергей Безруковтың гримеры қатысатындығын айтты. Түсірілімге қазақ эстрадасының жұлдыздары да қатысады. Әзірге ұйымдастырушылар кастингтің өткізілетінін жөнінде хабарландыру берді.

Бұл Батырхан Шүкеновтың шығармашылығын ерекше құрмет тұтатын көрерменнің көңілінен шығатын жоба болады деп үміттенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың мамыр айында «Батыр. Соңғы көктем» атты деректі фильмі жарық көрген еді. Бұл жоба «Хабар» арнасынан көрсетілді.

 

Әйгерім Қасқыр

Айдарған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер