È

Канн-2018: Антуан Дерозьер «Ерекше көзқараста» «Тізе бүгіңдер, жігіттер» комедиясын таныстырды

Канн-2018: Антуан Дерозьер «Ерекше көзқараста» «Тізе бүгіңдер, жігіттер» комедиясын таныстырды

Француз режиссері әрі сценарист Антуан Дерозьер Канн фестивалінде «Ерекше көзқарас» байқау көрсетілімінде «Тізе бүгіңдер, жігіттер» комедиясын ұсынды. Бұл радикалды фильм жұмыс аудандарындағы жастар туралы және ерлердің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылығы жайлы баяндайды. Режиссер батылдығының арқасында әлеуметтік желілердегі арбау тақырыбына қарай ойысқан, сондықтан таспа таң қалдырып, түршіктіріп, алаңдатуы мүмкін.

«Тізе бүгіңдер, жігіттер» фильмінің сюжеті қарапайым және мына сұрақтан басталуы мүмкін: Ясмин (Суад Аршан) әпкесі Рим (Иньяс Шанти) жоқ кезде, Салим (Сиди Меджай) және Маджид (Мехди Даман) есімді екі жігітпен тұрақта не істеп жүрді? Рим бұл туралы ештеңе білмейді, сол себепті Ясмин әпкесінің ештеңе білмеуін қатты қадағалап, құпиясының ашылмауы үшін барын салады. Өйткені, Салим болған нәрсенің барлығын бейнежазбаға түсіріп алған екен, сонысымен қызды бопсалап жүр.

Дерозьер қазіргі француз жастарының портретін бейнелей алды. Себебі, актерлар қызметші санатындағы заманауи кейіпкерлерді дәл сипаттай білген, барлық жағдайды ерекше ынтызарлықпен әрі әзілмен көрсеткен. Сөзсіз, «Тізе бүгіңдер, жігіттер» қарсы шығып, өзгермейтін әзіл арқылы қызықты көріністерді әдепті түрде көрсетеді. Режиссер әйелдер жағына шығып, ерлердің әрекетін сынайды, сол арқылы фильм көрермендерінің арасында дау туғызуы мүмкін.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер