È

Канн-2018: қазақстандық актриса Самал Еслямова «Үздік актриса» атанды

Канн-2018: қазақстандық актриса Самал Еслямова «Үздік актриса» атанды

Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» атанды. Ол Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде эмигрант рөлін сомдап, пальма бұтағына ие болды.

Самал Еслямова Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. 2011 жылы ол ГИТИС-ті (Ресейлік театр өнері институты) бітірген. Қазақстанның тумасы болып келетін режиссер Сергей Дворцевойдың фильміне актриса алғаш рет түсіп отырған жоқ. Екеуінің алдыңғы жұмысы – «Қызғалдақ», 2008 жылы Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасында жеңіске жеткен.

«Айка» картинасында Самал Еслямова Мәскеуге ақша табуға келген Қырғызстан эмигрантын сомдады. Бойжеткеннің аяғы ауыр болып қалады, алайда жағдайға байланысты ол сәбиді перзентханаға қалдырып кетеді. Бірақ, кейін аналық сезімі оянып, баласын іздеп табуға тырысады.

Еске сала кетсек, «Айка» Канн халықаралық кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасына қатысқан болатын. Кинокөрсетілімнің қазылар алқасын актриса Кейт Бланшетт басқарды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер