Қазақстанда дүниеге келген жанның «Айка» атты фильмі Канн кинофестивалінің негізгі байқауына енді
Қазақстандық кинематографшылардың қатысуымен түсірілген «Айка» фильмі 71-ші Канн кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында көрсетіледі. Картинаның қоюшы-режиссері Сергей Дворцевой Шымкенттің тумасы. Оның таспасына қазақстандық актриса Самал Еслямова түсті, ал жобаның продюсерлерінің бірі Гүлнар Сәрсенова болды.
«Айка» картинасы Қырғызстаннан Ресейге келген эмигрант Самал туралы баяндайды. Бойжеткен Мәскеуде заңсыз жұмыс істейді. Аяғы ауыр болып, босанып алған Самал жаңа туған сәбиді перзентханада қалдырып кетеді. Уақыт өте келе қатесін түсінген кейіпкер баласын іздеп табуға тырысады.
Драма Ресей, Қазақстан, Германия, Польша және Қытай кинематографшыларының атсалысуымен өндірілген.
Басты рөлді сомдаған Самал Еслямова «Үздік актриса» аталымынан үмітті, бұл қазақстандық кинода алғаш рет болып отыр. Актриса Сергей Дворцевоймен екінші рет жұмыс істеп отыр. Екеуі 2008 жылы «Ерекше көзқарас» бағдарламасында жеңіске жеткен «Қызғалдақ» фильмімен айналысқан.
Айта кету керек, Канн кинофестивалінің қазылар алқасы алғашқы 40 минутын ғана көріп, фильмді қабылдаған. Картина толық дайын емес. Авторлар жұмысты аяқтап, Каннға 17 мамырда алып келуге уәде берді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін