È

Канн-2018: фестиваль ұйымдастырушылары Терри Гиллиамның «Дон Кихотты өлтірген адам» фильмінің көрсетіліміне қолдау білдіріп отыр

Канн-2018: фестиваль ұйымдастырушылары Терри Гиллиамның «Дон Кихотты өлтірген адам» фильмінің көрсетіліміне қолдау білдіріп отыр

Канн фестивалінің ұйымдастырушылары Терри Гиллиамның «Дон Кихотты өлтірген адам» фильмінің көрсетіліміне қолдау білдіруде. Бұл көрсетілімге қарсы шыққан продюсерлердің сот ісіне қарамастан болып жатыр. Паулу Бранку мен оның Alfama Films компаниясы режиссерге арыз білдіріп, фестивальдің жабылуында фильмді көрсетпеуді талап етіп отыр.

«Біз еш күмәнсіз режиссерлардың, әсіресе Терри Гиллиамның жағында екенімізді растаймыз», - деді Канндағы фестивальдің президенті Пьер Лескуре және биылғы Канндағы көркемдік жетекші Тьерри Фремо ресми мәлімдемесінде. – Соңғы рет жағымсыз жәйт продюсердің әрекетінен туындады, ол осы эпизод кезінде өзінің шынайы бейнесін көрсетті. Ол бізге адвокат арқылы сес көрсетіп, біздің жеңіліп, қорланып қалатынымызды айтты».

«Дон Кихотты өлтірген адамға» бекітілген, бірақ кейін түсірілімдегі келіспеушіліктер салдарынан жобадан кеткен продюсер Паулу Бранку өткен сәрсенбіде шағым түсірген болатын. Ол фильмнің Каннда көрсетілуіне қарсы шығып отыр. Бранкудың адвокаты Гиллиамның фильмді көрсету үшін продюсерден рұқсат сұрау керектігін хабарлады. Сот шағымды 7 мамырда, Канн фестивалінің басында қарастырады. Әзірге жоспар бойынша фильм 19 мамыр күні кешке көрсетіліп, биылғы жылдың ең ірі кинофорумын жабатын болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер