È

«Капитан Марвел»: Бри Ларсон ұшуға дайын

«Капитан Марвел»: Бри Ларсон ұшуға дайын

Marvel студиясы режиссерлар Анна Боден мен Райан Флектің «Капитан Марвел» комиксінің бірінші трейлерін сейсенбі күні «Қайырлы таң, Америка» бағдарламасында ұсынды.

«Соғыс тілі барлығына ортақ. Қашқындарды мен бірден танимын. Сондайлардың біреуі төбеден келеді деп ойлаған емеспін», - деді Ник Фьюри (Сэмюэл Л. Джексон, «Қанішердің оққағары», «Конг: Қаңқалар аралы»), «Щ. И. Т.» ұйымының директоры роликте, осы тұста Бри Ларсон («Әйнек сарай», «Атыс») өзінің экранды образы АҚШ ВВС пилоты Кэрол Денверсті таныстырады, оның генетикалық коды ғаламшарлық нәсілді жауынгер кодымен қосылғаннан кейін өзгереді.

«Бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруі, қашу... Шынымды айтсам, Сізді жолықтырмағанда, жұмыстан кетер едім», - деп жалғады сөзін Джексон дауысымен «Капитан Марвел» трейлерінің суперқаһармандық ауанын қызықтыра түсіп, сол кезде кейіпкер әйел қайғылы оқиғадан кейін ерекше күшке ие болады. «Маған оқиғалар, эпизодтар елестейді... Мен осы жерде тұрған сияқтымын, бірақ оның қаншалықты шынайы екенін білмеймін», - деді Денверс Капитан Марвел болмай тұрған бұрынғы кезін еске алып.

Ауқымды экранға шыққан Marvel комикстерінің арасында «Капитан Марвел» - суперқаһарман әйел жайлы түсірілген алғашқы фильм және осы студияның кинематография әлімінің 21-ші жобасы. Жанкүйерлер осы көктемдегі атышулы «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмінің титрлері көрсетілгеннен кейін, дәстүрлі көріністер кезінде Ларсон кейіпкері туралы білген болатын.

«Капитан Марвел» комиксі 2019 жылдың 7 наурызында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер