«Капитан Марвел»: кинокомикс саундтрегін бірінші рет әйел композитор жазбақ
2019 жылдың наурыз айында экранға шығатын суперқаһарман әйел туралы «Капитан Марвел» жаңа комиксінің өндірісі кезінде қызықты жағдай орын алды. Бұл таспаның негізгі саундтрегін бірінші рет әйел композитор Пинар Торпак жазады. Жақында ол барлық музыкасын жазған «Криптон» хикаясының бірінші маусымы аяқталған еді. Былтырғы жылы Торпак DC-дің «Әділдік одағы» комиксінің қауымдасқан композиторларының бірі болған.
Пинар Торпак жұмыстарына кәсіби баға бергендердің барлығына алғысын білдірді: «Marvel әлемінің бір бөлігі болу тамаша құрмет. Маған сеніп, көмектескен жандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет беріледі ғой».
Композитор Түркияның Стамбул қаласында туылған, ал АҚШ-қа жасөспірім кезінде келген. Ол Беркли музыкалық колледжінде және Калифорния штатындағы университетте білім алды. Пинар Торпак ұзақ уақыт бойы танымал кинокомпозитор Ханс Циммердің студиясында өңдеуші әрі продюсер болып жұмыс істеген және бейнеойындар, фильмдер мен телевидениенің музыкасымен айналысқан.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін