Қарлыгаш Мұхамеджанова: «Біз бұған лайықтымыз»
Отандық кинематограф жұлдызы Қарлығаш Мұхамеджанова L'Oreal Paris кометикалық компаниясының Қазақстандағы ресми келбетіне айналды. Косметиклық құралдардың франциялық бренді 2 жылдан бері еліміздің белгілі адамдарының мониторингін жүргізген. L'OReal командасының таңдауы актриса Қарлыгаш Мұхамеджановаға түсіпті. .
«L'OReal компаниясының өкілдері маған олардың Қазақстандағы келбеті болуыма ұсыныс жасады. Әрине, мен келістім. бұл мен үшін мәртебе. Өйткені L'OReal әдемдік жұлдыздармен серіктестікте жұмыс істейді ғой. Қазір мен шаш күтіміне арналған құралдарды таныстырамын, кейін компанияның басқа да өнімдерін таныстыратын боламын», - деді Қарлығаш Мұхамеджанова.

Жарнамалық кампанияның түсірілімі Испанияның Майорка қаласында өтті. Түсірілім бір аптаңа созылды. Актрисаның образымен L'OReal компанияның алдыңғы қатарлы стилистері мен костюмерлері жұмыс істеді. Жарнама жақын күндері шығып қалады.
Қарлыгаш Мұхамеджанова «Сказ о розовом зайце», «Возвращение в «А»», «Весь мир у наших ног», «Аманат» және басқа да картиналарға түскен.
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін