«Кассалы» Скарлетт Йоханссон
Box Office Mojo ресми статистикасына сәйкес ең касалы фильмдер америкалық актриса Скарлетт Йоханссон қатысқан фильмдер болып шықты. Отыз бір жастағы актрисаның қатысуымен шыққан картиналар әлем бойынша үш миллиард үш жүз миллион табыс әкелген. Сонымен Йоханссон Голливудтың ең табысты акктерлерінің рейтингісінде оныншы орынды иелендлі. Оның алдында тек ер адамдар: Харрисон Форд, Самюэл Л. Джексон, Морган Фриман, Том Хэнкс, Роберт Дауни-кіші және басқалар. Йоханссоннан кейінгі екінші орында Кэмерон Диаз. Одан кейінгілер Хелена Бонем Картер, Кейт Бланшетт, Джулия Робертс, Элизабет Бэнкс, Эмма Уотсон және басқалар.
Скарлетт Йоханссонның өзі үшін бұл жағдайдың өзі қанағаттандырарлық емес. Ол еңбекті бағалауда гендерлік теңдік болғанын қалайды. Актриса Голливудта барлығы бірдей жұмыс істесе де еркектерге әйелдерден көп төленетінін ашық айтады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін