È

Қазақстандық бойжеткен жапон режиссерінің фильміне түсті

Қазақстандық бойжеткен жапон режиссерінің фильміне түсті

Қазақстандық продюсер Надира Ахонова жапон режиссері Масару Ясокаваның қысқаметражды фильміне түсті. Картина түсірілімі 71-ші Канн кинофестивалінде өтті, ол жаққа бойжеткен Short Film Corner (Court Métrage) бағдарламасында «Seven Rounds» жобасын таныстыруға келген.

Жапондық картина психологиялық триллер жанрында түсірілген. Сюжетте екі белгісіз бойжеткен бір ғимаратта қамалып отырады, екеуінің де аяқтары мен қолдары байлаулы. Олар бұл жаққа қалайша бірге тап болғандарын және мұның артында кімнің тұрғанын, бір-біріне сенуге болатыны-болмайтынын түсінулері тиіс. Фильм қазақ және жапон тілдерінде түсірілді.

«Кинофестиваль басталмай тұрып, маған осы фильмге түсуді ұсынған. Продюсермен жұмыс істеп жүріп, ылғи камера сыртында жүрдім. Мен өзімді баяғыдан бері актриса ретінде сынап көргім келетін, ақыры жақсы шыққан сияқты. Жалпы, түсірілім барысынан үлкен ләззат алдым. Фильмде қалыпты желілік баяндау жоқ. Түсірілім кезінде ылғи тәжірибе жасадық, новаторлық бағыттар мен импровизация қолдандық. Менің кейіпкерім – бөтен елде жүрген жас қазақ қызы Сәбина. Ол ана тілінен басқа, жергілікті және басқа тілдерді білмейді», - деді жоба жайлы Надира.

Надира Ахонова«Genetic Passport» деректі фильмі үшін «Эмми» жүлдесін иеленген продюсер. Оның қоржынында британдық режиссер Энтони Баттстың «Ақырзаманнан кейін», Vice Media-мен бірігіп түсірген «Russian Road Trip», «3riple B», «Reparation», «From the Margins», «Seven Rounds» жобалары бар. Одан басқа, ол Issues of Faith - The Spiritual Ambassador және HBO World Championship Boxing GGG-мен жұмыс істеген. Бүгінде продюсер Three Flames Pictures американдық кинокомпаниясымен танымал голливуддық продюсерлер Фред Карузо мен Тревор Дойлмен бірге жұмыс істеген.

Отандасымыз қатысқан фильмнің тұсаукесері Жапонияда, Кобе қаласында маусымда өтеді.

 

Превью: Надира Ахонованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:38

Молодеца

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер