È

«Қазақстандық тұсаукесер». Шығарылым №11: «Финансовый монстр» фильмінің жабық көрсетілімі

«Қазақстандық тұсаукесер». Шығарылым №11: «Финансовый монстр» фильмінің жабық көрсетілімі

«Финансовый монстр» триллері алғашқы аптада-ақ бірнеше миллион доллар жинады. Бұл түсінікті де -қаржы тақырыбы кімге болса да қызық, салымшылардың қаржысынан айырылып қалуы секілді жағдайлар тіптен көпшілікті тартады. «Финансовый монстр» картинасының жабық көрсетілімінде қазақстандық медия тұлғалар қаржы салу туралы ойларымен, осы тақырыпқа қатысты өздерінің жеке оқиғаларымен бөлісті.

Олег Борецкийдің айтуынша, өзіне бақытты болу үшін аса көп ақшаның керегі жоқ, дегенмен оған ақшаны пайдалы іске салуға кеңес берушілер көп екен, киносыншы мұндай кеңестерге кейде құлақ асатын көрінеді.

Қазақстандық блогер Сәуле Серғазинова ақшаға өте сақтықпен қарайды. Қаржыға қатысты кез кеген сұрақты күйеуімен ақыладасады. Сондай-ақ ол өзін құмарлығы жоғары адам деп есептейді, сондықтан кез келген құмар ойыннан аулақ жүруге тырысады.

Ал Алексей Курапов егер телеэкрандағы адамды өзі тікелей танитын болса ғана, оның ақшаны қайда салуға берген кеңесіне сенетінін айтты. «Өзімнің жиған-тергенімді өзімнің ойымдағы іске саламын немесе сенімді банкте сақтаймын».

Фильм аса керемет болмаса да, спецэффектілері жоқ болса да көрермен ішін тартып отырып көреді. Фильмді көріп отырып еріксіз ойланасың: «Осындай жағдайда мен не істейтін едім» деген сұрақ мазалайды. Маркетинг және PR Cinemax маманы Адиля Смағұлова кинозалдан тамаша көңіл-күйде шықты. Оның айтуынша, фильм қаржы саласына еш қатысы жоқ адамдарға да қызық болмақ. «Маған фильм қатты ұнады, ерекше қызығушылықпен тамашаладым, шынайы оқиға, шынайы адамдар», - дейді Адиля.

Адилямен келіспейтіндер де бар. Баспагер Анна Королева егер үздік фильмге 10 деген баға қойылатын болса, мен бұл картинаға 8 деген баға берер едім. «Финансовый монстрды» мен жақсы аттракцион дер едім, ондағы әзілдері жақсы, ұсынылуы дұрыс. Ал егер картинаны сыншы көзқарасымен бағалайтын болсақ, фильм америкалық қалыпқа, шаблондарға толы, экстрасеанстардың жиынтығы деуге болады.Дегенмен Анна кинотеатрға барып, фильмді тамашалап, әркімнің өз бағасын беруін ұсынды. «Джорджа Клуни және Джулии Робертстің жұлдызды коктейілі бұл тексерілген нұсқа. Меніңше рахаттанып отырып көресіздер», - деді Королева.

Еще по теме:

Предпоказ фильма «Алиса в зазеркалье»

Предпоказ фильма «Варкарфт»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса