Кэрри Фишер кеңес береді
Кэрри Фишер Джордж Лукастың «Звездные войны» картинасындағы Лея ханшайымның рөлі арқылы танымал. Таяуда актриса The Guardian британдық басылымында «Совет с темной стороны» деп аталатын бағанды жүргіуге мүмкіндік алды. Мұнда Фишер өз өміріндегі қиындықтар туралы әңгімелеп, қиындықтарды қалай жеңу жолдарымен бөліседі. Бұл кеңес өскелең жастарға арналған. Сондай-ақ Кэрри жастарға өз бастарындағы проблемаларымен бөлісіп, оған хат арқылы жіберуін сұрайды. Ол бағандағы алғашқы жазбасында басқа адамның сенің басыңдағы жағдайды қалай көретіні, бағалайтыны қашанда қызық, өзге адам сенің мәселеңді шешіп бермегенімен, осындай жағдада сенің орныңда болса, не істейтінін айтып бөліседі.Қазір актрисаның жасы алпысқа таяп қалды, осыдан 40 жыл бұрын ол есірткіге тәуелділік пен психикалық проблемамен күресті. Актриса Голливудқа дарынды сценарист және жазушы ретінде де таныс Оның қоржынында бірнеше автобиографиялық кітап пен фильм сценарийлері бар.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін