Кардашьян әулеті туралы кино
Кардашьяндар әулетінің қызы Ким эротикалық сипаттағы шағын видеоны желіге салғаннан кейін атақтары жер жарып, байып шыға келді. Тек ғана Ким емес, отбасының басқа мүшелерінің де атағы шықты. Осы отбасы туралы реалити-шоу да шығып үлгерді, оны күні бүгінге дейін «Keep Up With The Kardashians» көрсетуде. Реалити-шоудың рейтингісі жоғары екенін ескеріп, голливудтық продюсерлер осы отбасы туралы толық метражды фильм түсіру үшін оларға 100 миллион доллар ұсынып отыр. Бір ғана шарты, фильмге отбасы түгелдей қатысуы тиіс. Бұл жаңалықпен «Династия Кардашьян» кітабының авторы, жазушы Ян Альперин бөлісті.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін