È

Кинотавр-2018: дебюттер байқауында «Қышқыл» таныстырылды

Кинотавр-2018: дебюттер байқауында «Қышқыл» таныстырылды

Ресейлік «Кинотавр» фестивалінде дебюттер байқауында 26 жасар Александр Горчилиннің «Қышқыл» драмасы таныстырылды, ол көрермендерге «Зоология», «Оқушы» және «Хит» фильмдеріндегі рөлдері арқылы таныс. Таспаның сценарийін Валерий Печейкин жазды, ол Павел Лунгинмен бірге «Дирижермен» және «Пик бикешпен» айналысқан болатын Горчилин кинодағы рөлдерінің және «Гоголь-орталықтың» Мәскеуде танымал болуының арқасында барып тұрған радикал болмаса да, нонконформист беделіне ие болды.

Александр Горчилин секілді жарқын әрі жас шығармашылық тұлғаның «Қышқылынан» бүгінгі жиырма жасар ұрпақтың манифестін күтті деуге болады. Бұл өз бетінше жүретін жалғызбасты адамдар әлемі, жас музыканттар Саша мен Петяның өмірінде «достық», «махаббат», «отбасы» және «мүмкіндіктер» түсініктері тек дыбыс құралдары ғана болып қалған. Олар тыңдап және көріп үйренгілері келеді, соған қатысты сұрақтарына жауап іздейді. Ал әзірге, қышқыл секілді олар өздерін де, айналадағы әлемді де жегідей жейді.

Горчилиннің «Қышқылындағы» жастар әлемі – бұл наразы адамдар тобы, бұл қарсы шығу, бұл өмірден өз-өзін өлтіру арқылы кек алу, өздеріне және айналадағы адамдарға жасаған тәжірибелері. Олар әлі де үнсіз күйінеді, барлығына таң қалыссыз қарайды және ашылуға асықпайды. Дебютант өсиет бен өнеге айтудан алшақтаған кезде, «Қышқыл» пікір білдіруге айналады, ал қалғанында режиссер пафос мен максимализмге өтеді, бірақ ол жұмыстың құндылығын жоғалтпай, көшірмесін емес, нағыз шынайылықты көрсетеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер