È

Кирилл Серебренниковтың «Жазы» айналымға шығады

Кирилл Серебренниковтың «Жазы» айналымға шығады

7 маусымнан бастап Кирилл Серебренниковтың «Жаз» фильмі отандық айналымға шығады. Ресейлік музыкалық таспа 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік саундтрек» аталымын жеңіп алды, ал жақында Сочидегі 29-шы «Кинотавр» фестивалін ашты.

«Жаз» фильмі Виктор Цойдың шығармашылығы жайлы және «Зоопарк» тобының үздігі Майк Науменкомен қарым-қатынасын баяндайды. Картинадағы оқиға «Кино» тобының алғашқы альбомы шыққанға дейін болған. Бұл оқиға - 1981 жылғы Ленинградтағы рок-қозғалыс қатысушылары жайлы, махаббат пен достық, өзін-өзі тану мен үлкен үміттер туралы. Картина кейіпкерлер тыныстап, өмір сүретін музыкаға толы. Фильмде сол уақытта Виктор Цой достарымен бірге айналысқан әндер шырқалады. Олар - «Алюминий қиярлар», «Сегізінші сынып оқушысы», «№2 жалқау» және т.б. туындылар.

Виктор Цойдың рөлін корейлік актер Тео Ю, Майк Науменконы Рома Зверь сомдады. Сондай-ақ, картина кейіпкерлерін Ирина Старшенбаум, Филипп Авдеев, Александр Кузнецов, Александр Горчилин және т.б. актерлар ойнады.

Қоюшы картина сценарийін Михаил Идов және Лили Идованың көмегімен, сонымен қатар Натальи Науменконың (Майк Науменконың жары) естеліктері негізінде жазды.

Айта кету керек, Канн кинофестивалінде ресейлік картина керемет қошеметке ие болды. Продюсер Илья Стюарттың хабарлауынша, фильм көрсетілімі құқығын әлемнің 23 мемлекеті иеленіп үлгерген.

«Жаз» фильмі Meloman Entertainment компаниясының таратуымен ұсынылды.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер