Кит Харингтон Роуз Леслимен қалай әзілдескенін айтып берді
«Тақтардың ойыны» фильмінде Игритт пен Джон Сноуды сомдаған Роуз Лесли мен Кит Харингтон некелесетіндері туралы биылғы жылдың қыркүйегінде айтқан болатын.
Жақында Джонатан Росстың британдық шоуында Харингтон 1 сәуір күні Роуз Леслиді қалай алдағаны туралы айтып берді. Актер тоңазытқышта жасанды басты қойып қойған.
Ол құрбысының әрекетін ток-шоу кезінде көрсетті.
Актриса Роуз Лесли Харингтонге тағы да осындай жағдай қайталанатын болса, араларында барлығы бітетінін мәлімдеген.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін