È

«Клаустрофобтар»: сенімді түрде кіріңіз немесе қашып құтылыңыз

«Клаустрофобтар»: сенімді түрде кіріңіз немесе қашып құтылыңыз

Sony Pictures студиясы «Клаустрофобтар» психологиялық хоррордың алғашқы ресми трейлерін ұсынды, картинаны осы жанрда танымал болған актер Адам Робител («Инфекция: 2 фаза», «Чиллерама») түсірген. Таспа Робителдің алғашқы толықметражды жобасы болды және роликтің арқасында әсерлі көрінеді. «Клаустрофобтарда» «Ара» және «Лабиринтпен жүгіруші» атты сүйікті танымал фильмдердің элементтері бар секілді, картинаның алғашқы атауы бекеден-бекер «Лабиринт» болған жоқ.

Сценаристер Брэги Ф. Шут («Мыстандар уақыты») және Мария Мельник («Американдық құдайлар» және «Қара желкендер») айналысқан «Клаустрофобтар» сюжеті бойынша белгісіз алты адам ештеңені бақылай алмайтын жағдайға тап болады, олар бар ақылдарын іске қосып, жұмбақтың шешімін табулары тиіс немесе өледі. «Клаустрофобтардың» арқасында Голливуд үлкен танымалдылыққа ие болған, ағылшын тілінде «Escape Room» деп аталатын интеллектуалды ойынның ерекше түрінен пайда көздейді. Ойыншылар ғимаратта қамалып отырады да, ол жақтан белгілі бір уақытта шығып, бірнеше басқатырғыштарды шешіп, негізгі заттарды табуға тиіс.

«Клаустрофобтар» психологиялық хорроры 2019 жылдың 31 қаңтарында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер