È

Sony компаниясы «Құзғын» фильміне ремейк түсіру құқығын сатып алды

Sony компаниясы «Құзғын» фильміне ремейк түсіру құқығын сатып алды. Әлемдік кино

Картинаны қайта шығаруды 1994 жылы Relativity Media жоспарлаған еді. Үш режиссер мен басты рөлдегі актерлар ауысып үлгерді. Ендігі кезекте жобаның Sony студиясының қолына өткені туралы ақпарат пайда болды.

Режиссері Корин Харди болатын болды, ал басты рөлге, өлілердің арасынан тіріліп келген музыкант Эрик Дрейвенді актер Джейсон Момоа («Тақтардың ойыны», «Әділеттілік одағы») сомдайды.

Ремейкті түпнұсқасына – 1989 жылғы тәуелсіз комикс Джеймс О’Баррға ұқсатып жасау жоспарланып отыр. Суретші бұл комиксті мас жүргізушінің кесірінен автокөлік апатынан қайтыс болған сүйіктісінің өліміне байланысты ойлап тапқан еді.

Брэндон Лидің қатысуымен алдыңғы «Құзғын» фильмі комикс сюжетін дәлме-дәл қайталаған болатын, сондықтан ремейктің түпнұсқа туындыға қаншалықты жақын болатыны түсініксіздеу.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

18 қыркүйек 2017, 12:51

Во это новость. Это очень замечательно. Sony и ещё чёрный ворон и легенда сына Брюс Ли Брендана Ли

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер