È

«Кристофер Робин»: Disney шытырманының жаңа көріністері

«Кристофер Робин»: Disney шытырманының жаңа көріністері

Disney студиясы Винни-Пухтың жаңа хикаяларын баяндайтын «Кристофер Робин» фильмінің жаңа көріністері мен жаңа постерін ұсынды. Стоакров орманында көңілді әрі сүйкімді достарымен бірге көптеген оқиғаларға тап болған кішкентай балақай ер жетті, қазір шынайы өмірде адасып кеткен сияқты.

Кристофер Робин ылғи жұмысында қалып қояды. Кейіпкеріміз шаршаңқы, оған қосымша ақша төлемейді және болашағы бұлыңғыр. Кристофер Робиннің өз отбасы бар, бірақ жұмысы өміріне айналды, сондықтан әйелі мен қызына көңіл бөлуге уақыт таппайды.

Кристофер Робин қарапайым әрі сүйікті пүліш қонжық Винни-Пухпен және соның достарымен бірге өткізген алаңсыз балалық шағын ұмытты. Кристофер ертегі кейіпкерімен қайтадан кездескен соң, бала кездегі ескірген әрі кір-қожалақ ойыншықты көреді.

Кристофер Робин мен Винни-Пухтың арасындағы балалық достық қайта жаңғырады. Олар әрқайсысы қуаныш әкелген уақытты еске алады, сол кезден бері тіпті, көп уақыт та өтпеген секілді, барлығы кеше ғана болғандай.

Кристофер Робиннің достары бір бәлеге тап болды, сондықтан тек өзі ғана Винни-Пухқа, Қодыққа, Үкіге, Жолбарысқа, Қоянға және Шошқаға көмектесе алады. Ол достарына өз аумағында өмір сүру құқығын қорғауға көмектесу үшін Лондоннан Стоакров орманына аттанады, өйткені олар – Кристофердің ең жақын достары, ол достары үшін барлығына дайын.

«Кристофер Робин» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 2 тамызынан бастап айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер