«Ормандағы круиз»: әзілкеш Джэк Уайтхолл таспаның актерлік құрамына кіретінін растады

Танымалдылыққа ие болған британдық әзілкеш әрі актер Джэк Уайтхолл («Балғын ет», «Тоғызыншы нөмірдің ішінде» хикаялары) Эмили Блант («Болашақтың шегі», «Пойыздағы қыз») және Дуэйн Джонсонмен («Малибу құтқарушылары», «Форсаж 8») бірге Disney студиясының «Ормандағы круиз» атты жаңа фильміне түспек. Таспаның сюжетінде Уайтхолл басты рөлдердің бірі - Эмили Бланттың экрандағы ағасын сомдайды.
«Ормандағы круиз» режиссері Жаума Кольет-Серра («Жолаушы», «Саяз жер») классикалық тақырыптық оқиға негізінде және Диснейлендтегі аттракционмен аттас фильм түсіруге дайындалуда. Фильмнің арқасында көрермендер әлемнің ең ірі өзендеріндегі шытырманның куәсі бола алады. Disney «Ормандағы круизді» студияға бірнеше миллиард доллар табыс әкелген «Кариб теңізінің қарақшылары» франшизасымен деңгейлес болады деп отыр.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін